ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкентке таяу жердегі Тассай ауылында 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта «Қазтрансгаз-Аймақ» апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 300 мм-лік жоғары қысымды жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны жайлы хабар келген. «Соның салдарынан 25 Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. Сайрам ауданының Мартөбе, Таскент ауылдарының тұрғындары, Тассай кентінде 800 тұтынушы, 4 кәсіпорын мен 8 коммуналдық нысан газсыз қалды.
Бұған қоса Шымкентте 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта «Қазтрансгаз-Аймақ» апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 57 мм-лік орта қысымды газ құбырынан газ шығып жатқаны анықталғаны туралы ақпарат жетті. «Соның салдарынан 351-ші Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. 4 көп қабатты үй — 140 пәтер, 70 жай үй, 1 балабақша газдан қағылды», -деп хабарлайды ТЖМ.
ТЖМ мәліметінше, апаттан қалпына келтіру жұмыстары 28 ақпан күні таңертең басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті