Бұл несие қозғалыссыз мүлікті кепілдікке қою арқылы өсімсіз берілуде.
Былтыр Кентауда 21 отбасына әрқайсысына 11 ұсақ малдан несие таратылған болатын. Облыстық әкімшіліктегілердің пайымдауынша, жалпы алғанда, тәжірибе ақталып, отбасылардың басым көпшілігі малды өсімге сақтап қалды. Атап айтсақ, Қарнақ ауылындағы бір отбасына берілген 5 малдан биыл 7 төл алынған. Екі жылдан кейін несиені қайтарып есеп айырысатын мерзім жеткенде қожайын өз қолында 30-дан астам түлік қалады деген сенімде. Несиелік мал — мал дәрігерінің қатаң бақылауында өсіріліп жатыр.