Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинала бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинала бастады

Шымкент. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинала бастады. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы департаменті директорының орынбасары Низамиддин Пирманов хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Қазірде облыстың Мақтаарал , Шардара және Сарыағаш аудандарында мақта түсімі жиналуда», — деді Н. Пирманов. Оның айтуынша, «25 қыркүйекте облыстың басқа аудандары да терімге кіріседі».

Ал аудандардан хабарлауынша, қазіргі таңда дихандар жиналған мақтаны мақта зауыттарына тапсыруға асықпай, бағаның көтерілгенін күтіп аулаларында сақтап отыр. «Бүгінде олар әрбір жалдамалы жұмысшыға жиналған мақта үшін 5 теңгеден төлеуде. Бірақ жұмысшылар саны жеткіліксіз. Мәселенің ең өзекті тұсы да бұл емес. Сатып алушылар өнім үшін 53 теңгеден артық төлемейді. Сол себепті шаруалар жиналған түсімді үйлерінде сақтап, бағаны көтерілгенін күтуге мәжбүр», — деді журналистерге бір шаруа қожалығының басшысы.

Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 450 мың тоннаға жуық шикі мақта, соның ішінде Мақтаарал ауданында — 230 мың тонна мақта жинау межеленген.

Ал былтыр облыста 455 мың тоннаға жуық шикі мақта жиналды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті