Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен ауылдық округ әкімі қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен ауылдық округ әкімі қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен ауылдық округ әкімі қолға түсті

Шымкент. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Ынтымақ ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 710
Фото - Caravan.kz

«Ауылдық округ әкімі аудан тұрғынынан жеке баспана тұрғызуға жер телімін беру үшін 95 мың теңге талап еткен», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 сәуірде әкім өзінің қызмет бөлмесінде ақша алып жатқан сәтте қылмыс үстінде ұсталды. Қазіргі жағдаймен шенеунік ұсталып, Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті