Оңтүстік Қазақстан облысында пара алып жатқан полиция офицері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алып жатқан полиция офицері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алып жатқан полиция офицері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында бір полиция офицері пара алып жатып ұсталды. Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тексеру бөлімінің бастығы Әбілқасым Жорабеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2005
  • 578
Фото - Caravan.kz



Ә.Жорабековтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне Сарыағаш ауданының тұрғыны арыздана келіп, бір полиция қызметкері өзінен қылмыстық іс қозғамау үшін пара талап еткенін хабарлаған. Соның нәтижесінде полиция лейтенанты, Сарыағаш аудандық ішкі істер бсқармасының қызметкері оперативтік шаралар барысында 300 доллар көлемінде пара алу барысында ұсталды. Ол 2002-жылдығң желтоқсан айынан бері ішкі істер мекемесінде жұмыс істейді.
Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу» жөніндегі 311-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар