Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар астың орнына жуынды ішкен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар астың орнына жуынды ішкен

Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар астың орнына жуынды ішкен

Оңтүстік Қазақстанда туберкулезбен ауыратын азаматтар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жүрміз деп шу шығарды. Олардың айтуынша, Түлкібас ауданына қарасты туберкулезге шалдыққандарды оңалту шипажайында науқастарға астың орнына жуынды беріледі екен. Ал шипажай ғимаратының қабырғасы қақырап, үгітіліп құлаудың аз-ақ алдында тұр. Ауыр науқастан емделіп, бір сәт сергу үшін келушілер мұнда демалудың орнына абақтыға жүргендей боламыз дейді. Балықшы шипажайының әкімшілігі бұл жағдайды жақсы білгенімен, оны реттеуге қауқарсыз.

  • 6 Тамыз 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Балықшы шипажайы күзетшілерінің түсіру тобын көргенде мазасы қашты. Бейнекамераны қолмен көлегейлеп, демалушылармен де ұстасып қалып жатты. Сөйтсек, күзетшілердің шипажай ішін көрсеткісі келмейтініндей-ақ бар екен. Тұрғызылғанына жарты ғасыр болған ғимарат үгітіліп, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Мұнда тіпті тамақтанудың өзі қауіпті екен.

Талғат Қожакешов, емделуші:

 -Сасып кеткен ет, ол сондай болады. Сосын өздері тексеріп жеп көреді. Сөйтіп айтады нормально бере бер деп. Мал емеспіз ғой біз бере беретін.

Раушан Байдуллаева,  емделуші

 —Шәй іштік, салат жедік нанмен. Неғыламыз енді. Бұзылған етті жеп өлеміз ба енді ауырып,  өзіміз сырқатпыз. .

Иістенген етпен, тұрып қалған тұшпара күнделікті мәзірді құрайды дейді демалушылар. Бүгін тілшілерді көргенде түскі асты әдеттегіден тәуір даярлап қойыпты. Ал науқас жандар бүкіл маусым бойына бір рет те тәбетпен тамақтанып көрмегенін айтуда.


Досмұхан Маматрайымов, емделуші

-Ванна-дәретханада су жоқ.  Сасық иісінің барлығы. Қолжуғыштар сынған.

Шипажайдағы дәрігерлердің дөрекілігі де демалысты азапқа айналдыруда. Мұнда туберкулезбен сырқаттанғандарға ең қажетті дәрі-дәрмектерде жеткіліксіз көрінеді. Ал Балықшы шипажайының өкілі келеңсіздіктің бәрі азық-түлік пен медициналық препараттарды жеткізушілерден деп ақталды.

Динара Тілемісова, Балықшы шипажайы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бас дәрігеріміз бүгін Департаментке Денсаулық сақтау басқармасына сол сол нені шешуге кетті . Бірақ, бізде тамақ өте нашар деп айта алмаймын. Енді арасында осындай болып тұр.

Қазірдің өзінде 200-ге тарта емделушінің 30-ы жағдайды түзеуді талап етіп бас дәрігерге хат жазды. Ал дәрігерлер көмек сұрап, жоғары жаққа жүгіруге мәжбүр.