Жарияланды: 420

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегімен ауырған адам ауруханаға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында қырым қанды безгегімен ауырған адам аурухана түсті,- деп хабарлайды KZ-today ақпарат агенттігі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып .

Тас Кешу ауылының 33 жастағы тұрғыны 13-шілдеде дене қызуы көтерілу және мұрнынан қан ағу салдарынан ауруханаға түскен. 14-шілде күні кешкісін науқасқа қырым қанды безгегі деген диагноз қойылды. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін