Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс салдарынан екі адам жараланып, олардың бірі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс салдарынан екі адам жараланып, олардың бірі қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс салдарынан екі адам жараланып, олардың бірі қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс салдарынан екі адам жараланып, олардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 788
Фото - Caravan.kz

Шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыс Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасынан 6-7 шақырым жердегі, Алматы-Ташкент-Термез автожолының 904-ші шақырымында орналасқан «Сапар-базар » ауданында болған. Әскерилер жасағы жұмысқа жалдану үшін заңсыз мигранттар көп жиналатын, көтерме сауда жүзеге асырылатын Сапар-базар аумағында төлқұжат тәртібіне тексеру жүргізген. Тексеру барысында шекара бұзған 7 адам айқындалып, ұсталған 6 Өзбекстан азаматында көші-қон қағаздары, ал жетіншісінде жеке құжаттары болмай шыққан. Ұсталғандар төрт шекарашымен бірге қамауға алынғандығы туралы құжаттарды рәсімдеу үшін «Мырзакент» шекаралық бекетіне жіберіледі. Базар аумағында 12 жауынгер қалған.

Жергілікті тұрғындардың бірі ұсталғандарды парамен босатып алмақ болады. Дегені болмай, беті қайтқан әлгі адам әскерилермен керісе кетеді. Жаңжал шыққан жерге жиналған жергілікті тұрғындар да тұтқындарды босатуды үзілді-кесілді талап еткен. Соның салдарынан шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасында төбелес шығады. Командирлерінің бұйрығымен шекаралық бекетке қарай ойыса бастаған шекарашылар ескерту мақсатымен аспанға бірнеше дүркін оқ атқан.
Соңынан белгілі болғанындай, осындай атыс барысында екі Қазақстан азаматы- 19 жасар Әбдісаттар Теміров пен 18 жасар Әлішер Үмбетовке оқ тиген көрінеді. Жарақат салдарынан Ә.Үмбетов ауруханада көз жұмды. Ал шекарашылар түрлі дәрежеде жарақаттанған.
Оқыс оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті, Оңтүстік Қазастан облыстық ІІББ мен ҰҚКД қызметкерлерінен тергеуші топ құрылды. Қазір осы оқиға бойынша тексерулер жүргізілуде.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерден бері қазақстандық шекарашылар, тәртіп сақшылары мен ҰҚК-нің қызметкерлері еліміз аумағынан құжаттары жоқ 500-ден астам Өзбекстан азаматын ұстады. Сондай-ақ, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен бір азамат Өзбекстан құқық қорғау мекемелеріне табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар