Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет оптикалық артроскоп аспабын қолдану арқылы операция жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет оптикалық артроскоп аспабын қолдану арқылы операция жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет оптикалық артроскоп аспабын қолдану арқылы операция жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет облыстық клиникалық ауруханада оптикалық артроскоп аспабын қолдану арқылы операция жасалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиев.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 730
Фото - Caravan.kz

Операция барысында диаметрі 4 мм-лік тілік арқылы науқастың тізе буыны орналасқан қуысқа оптикалық зонд енгізіліп, ондағы кескін мониторда көрсетілді. Егер бұрындары бұндай операция барысында үлкен тілік жасауға тура келсе, оптикалық артроскоп аспабын қолдану нәтижесінде жарақатқа ауру қоздырғыш микробтар түсіп кету қаупі азайып, жара тез жазылумен бірге операция орнында үлкен тыртық қалмайды.

Осындай операция жасап, жаңа аспапты игеруге оңтүстік Қазақстандық хирургтарға ҚР медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Оразбай Әбдіразақов қолғабыс жасады. Ол еліміз бойынша 1995-жылы Алматыда тұңғыш рет осындай операция жасаған.
Құны 4 мың АҚШ долларына бағаланған «Карл Шторц» фирмасының оптикалық артроскоп аспабын облыстық аурухана демеушілердің көмегімен сатып алды. Қазір ауруханада науқастың кеуде және ішкі құрылыс қуысын зерттеуге арналған бейнеэндоскоп бар. Ал аурухананың алдағы жылғы бюджетінде құлақ-мұрын және тамақ аурулары бөлімшесіне арнап осындай бейнеэндоскоп құралын сатып алуға қаржы қарастыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар