Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

ШЫМКЕНТ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды. Бұл туралы бүгін облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Кеше Шымкент қаласында тағы бір баланың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталды. Оның қалалық ауруханада — 2005 жылы және 2006 жылы маусымда емделгені белгілі болды»,- деп хабарлады Н. Бабина.

Сөйтіп, бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында 102 бала ВИЧ індетін жұқтырған, олардың 68-і ұл, 34-і қыз бала. Сонымен қатар, індет жұқтырған 13 бүлдіршіннің анасына «ВИЧ» диагнозы қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті