Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағар май бағасының төмендеу үрдісі байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағар май бағасының төмендеу үрдісі байқалады

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағар май бағасының төмендеу үрдісі байқалады

Шымкент. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте көптеген жанар- жағар май станцияларында жанармай бағасы 2-3 теңгеге төмендеді. Ал дизельдік отын құны өзгеріссіз қалып 87 теңгені құрауда. Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Қазақстан облысының "Жағар Жарнамай" станциялары иелерінің қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

  • 29 Мамыр 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Жанармайдың бағасы төмендеп бара жатыр. Мысалы, АИ-92 маркасын алсақ ол 90 теңгеге сатылған, енді оның бағасы 88 теңгені құрап, құны екі теңгеге төмендеді. Сондай -ақ, басқа маркалы отын бағалары 2-3 теңгеге төмендеді «, — деді Қ. Қамбаров.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, мамырдың басынан бастап «ПетроҚазақстан ойл продактс» тарапынан жіберіліп сатқан өнім бағасы көтерілген жоқ. Қ. Қамбарав атап өткеніндей, мұндай үрдіс бірнеше жылдан бері байқалмаған, қалыптасқан дәстүр бойынша жіберіліп отырған өнім құны апта сайын өсіп отыратын. Бүгінгі күні АИ -96 маркалы жанармайдың бір тоннасы зауытта 915 доллар тұрады, ал АИ-92 — 831 доллар, бір тонна дизельдік отын құны 720 долларды құрайды.

Қ. Қамбаровтың айтуынша, бағалардың төмендеуі үкіметтің жанар-жағар майдың экспортына тыйым салуымен байланысты. Алайда мамандардың пікірінше отынмен қамтамасыз ету жағдайын тұрақтандыру үшін бұл шаралар жеткіліксіз.

«Менің пікірімше, бұл уақытша шара. Біздің үкімет мұнай өнімдерімен нарықты қамтамасыз етудің және нақты дамыту бағдарламасын дайындауы қажет. Өндірістік ұзақ мерзімді және экспорттық үрдістірді білу керек. Ішкі және сыртқы нарықтағы көлемдер нақты белгіленуі тиіс», — деп есептейді Қ. Қамбаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті