Жарияланды: 390

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болып, төрт адам жарақаттанды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі адам мерт болып, төрт адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 2001-ші шақырымында Түркістанға таяу жерде болды. 15-ші және 11-ші үлгідегі екі "Жигули" автокөлігі соқтығысу салдарынан бір жүргізуші мен оның 20-25 жастар шамасындағы жолаушысы қаза тапты. Екінші жүргізуші мен оның үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін