Оның айтуынша, «»Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС жанар-жағармай тарату бекеттері үшін сататын дизельдік отынның бағасы төрт айда $155 өсіп, бір тоннасына $720 құрады».
«Кейінгі екі аптада баға шұғыл өсті. Егер біз сәуірдің аяғында дизельдік отынның бір тоннасын $671 алсақ, 6 мамырдан бастап ол тоннасына $720 жетті. Жанар-жағармай тарату бекеттері үшін дизельдік отын босатылмай отыр», — деді Қ. Қамбаров.
Қауымдастық төрағасының айтуынша, жылдың басынан бері жанар-жағармайдың барлық түрлері қымбаттады. АИ-80 жанармайының бағасы $83 өсіп, қазір тоннасына $794, АИ-92 құны $21-ға өсіп, қазір тоннасына $831 құрап отыр.
Шымкентте екі аптада жанар-жағармай тарату бекеттеріндегі дизельдік отын құны 10 теңгеге өсіп, қазір литріне 87 теңгені құрап отыр, ал жанар-жағармай тарату бекеттерінің басым бөлігінде дизельдік отын жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті