Жарияланды: 380

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс жуырда сотқа жіберілмек - ҚР бас прокуратурасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс  жуырда сотқа жіберілмек - ҚР бас прокуратурасы

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс жуырда сотқа жіберілмек. Бұл туралы бүгін бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы аяқталған соң өткен баспасөз мәслихатында ҚР бас прокурорының орынбасары Ілияс Бақтыбаев құлағдар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі уақытта балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталып қалды, жуық арада ол сотқа жіберілмек", - деді І.Бақтыбаев. Оның ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта осы іс бойынша 21 адамға айып тағылған. "Айыпталушылардың арасында дәрігерлер де, денсаулық сақтау саласының мамандары да, жоғары лауазымды тұлғалар да бар", - деп атап көрсетті І. Бақтыбаев. Сонымен қатар, ол айыпталушылар туралы толық ақпаратты іс сотқа жіберілмей тұрып хабарлаудан бас тартты. "Сот процессі ашық өтуі мүмкін, оқиғаның мән-жайын толық естіп білуге өздеріңіздің мүмкіндіктеріңіз болады", - деді бас прокурордың орынбасары. Бұрын хабарлағанымыздай, бүгінгі күнге дейін ВИЧ індеті оңтүстік қазақстандық 84 баладан және 12 анадан анықталған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін