Прокурордың айтуынша, оларға осы қалаға күнкөріс қамымен келген Бәйдібек ауданының әйел тұрғынынан арыз түскен. Ол өзінің қызын жеңгетайлар кепілдікке алғанын және құжаттарын да тартып алғанын жеткізген. Прокуратура қызметкерлері сол сәтте айтылған мекенжайға келіп, қызды тауып алады.
«Біз ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі 126-бабы мен адам саудасы жөніндегі 128-бабы бойынша екі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғадық, олардың бірі «мама Роза» деген атпен танымал, — деді Қ. Жалғатов.
Сондай-ақ, прокурордың айтуынша, осы қылмысқа қатысы бар екі тәртіп сақшысы — учаске инспекторы мен аудандық ІІБ-ның қызметкеріне қатысты іс жеке тергелетін болды. Тергеуді қаржы полициясының қызметкерлері жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті