деп хабарлады ОҚО Кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы Жасұлан Асылбеков.
ОҚО кедендік бақылау департаменті мен «Сарыағаш» стансасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бес тоңазытқыш-вагонды кедендік тексеруден өткізді. Вагон құрамы Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы бағытында бара жатқан.
«Тексеру барысында тоңазтқыш вагондардан жүк көліктерінің шиналары мен ауылшаруашылық техникаларының шиналары табылды. Олардың жалпы саны 975 дана», — деді Ж.Асылбеков.
Осы факт бойынша Э.Қайнаров есімді Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «экономикалық контрабанда» 209 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.