Жарияланды: 440

Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынына қойылған күйдіргі жөніндегі диагноз дәлелденді

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысындағы күйдіргімен ауырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 6 адамның үшеуіне қойылған диагноз дәлелденді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық-індет станциясының бас дәрігері Жұмағұл Медетов бүгін, 16-шілдеде хабарлады.

Ауырған адамдардың бәрі де 4-шілде күні сойылған ауру жылқының етінен дәм татқан. Жылқының еті өндірістік кооператив мүшелеріне таратып беріліпті. Қазіргі жағдаймен еттен ауыз тиген, немесе оны ұстаған 170 адам айқындалып, жұқпалы ауруларға қарсы санитарлық шаралар жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Абай ауылдық округінде карантин жарияланды. Құжаттарға сәйкес, табындағы барлық жылқыларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынған , барлығы да сау деп көрсетіліпті. Облыстық тазалық-індет станциясының қызметкерлері бұл құжаттарды аудандық прокуратураға тапсырып, онда адамдарды жаппай жұқпалы ауруға шалдықтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін