«Әйел мен сатушылар іздеген ауылдық амбулатория мейірбикесі Қылмыстық кодекстің «жасөспірімдерді саудалау» бабы бойынша сегіз жылға сотталды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін сот кеңсесі мәлімдеді.
Сонымен қатар, балаларды сатып алушы үш әйел шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрын хабарланғандай, баспанасы жоқ 27 жастағы әйел бәрнеше жыл бойы әр түрлі адамдарға өз балаларын сатқан.
Мәселен, жеті жастағы қызын ол 30 мың теңгеге, төрт және бес жастағы екі қызын 30 мың теңгеге және 40 мың теңгеге, ал екі жасар қызын 120 мың теңгеге сатты.
Сатып алушы үлкен қызды кері қайтарған, оны анасы бұрынғы күйеуінің ата-анасына жіберген. Сонымен қатар, сатқан ұлдарының бірін де кері қайтарған. Сонда әйел акушеркамен бірігіп бұл жолы 60 мың теңгеге сатқан.