Оңтүстік Қазақстанда жас жұбайлар алғашқы түнін далада өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда жас жұбайлар алғашқы түнін далада өткізді

Оңтүстік Қазақстанда жас жұбайлар алғашқы түнін далада өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысында ұзату тойынан кейін жолға шыққан жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді. Жаңадан үйленген күйеу жігіт пен үстіне той көйлегін киген қалыңдық алты сағат бойы қар құрсауында қалып қойған. Күйеу жігіт болашақ жарын өз ауылына алып келе жатқанда жас жұбайлардың көлігі Шыбықбел асуы маңында тұрып қалған.

  • 23 Ақпан 2017
  • 1055
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 телеарна хабарлады. 

Боранға үсіп қалу қаупі туындап, әбден әбігерге түскен жас жұбайлар мен олардан бөлек бес көлік жүргізушілері амалсыз құтқарушылардан көмек сұраған. Шақырту түскеннен кейін, төрт сағат дегенде оқиға орнына әзер жеткен төтеншеліктердің құтқару жасағы сәл кешіккенде жас жұбайлардың өміріне қауіп төнген болар еді деп отыр.

"Осы құтқарылғандардың ішінде жаңадан келін болып түскен азаматшамыз бар екен. Алты автокөлік жолыққан. Барлығын қар құрсауынан шығарып, аман-есен жолға шығарған" дейді ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.


Соңғы жаңалықтар