Оңтүстік Қазақстандағы жаппай төбелес тұрмыстық негізде болған-ІІМ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандағы жаппай төбелес тұрмыстық негізде болған-ІІМ басшысы

Оңтүстік Қазақстандағы жаппай төбелес тұрмыстық негізде болған-ІІМ басшысы

Алдын ала деректерге қарағанда, ОҚО Қарамұрт селосында төбелес тұрмыстық негізде болған,

  • 29 Тамыз 2014
  • 746
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

"Төбелес болған жерде халықтың 90% өзбектер, дүкен иесі де өзбек. Төбелес таза тұрмыстық негізде болған, біз әзірге ұлттық белгілерді көріп отырған жоқпыз", деді ол.

"Төбелеске дейін үш күн бұрын көрші елдімекеннің тұрғындары Қарамұртқа барған, онда дүкенде төбелесіп қалған. Оларды ұрып тастаған, олар селоға оралып, жерлестеріне айтқан соң, біразы кек алу үшін қайта барған", деді ол.

Министрдің айтуынша, полиция екі қылмыстық іс қозғаған, 4 адам ұсталған. Зардап шеккен екі адам ауруханада, жағдайлары аса ауыр емес.

Алдында хабарланғандай, өткен сәрсенбіде Қарамұрт селосында Мадани селосынан келгендер мен жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Медициналық көмекке 4 адам жүгінген. Төбелес кезінде 14 көлікке зақым келген, бірнеше дүкеннің сөресі бүлінген.