Жарияланды: 350

Оңтүстік Суданда ресейлік ұшақ құлады, 40-тан астам адам көз жұмды

Оңтүстік Суданда ресейлік ұшақ құлады, 40-тан астам адам көз жұмды

Оңтүстік Суданда  ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты.

Reuters агенттігі куәгерлерге сілтеме жасап, жүк тасымалдауға бағытталған ұшақтың апатқа ұшырауынан оның бортында және жерде 40-тан астам адам ажал құшуы мүмкін екенін жазды.

South Sudan Tribune газетінің ақпаратынша, ұшақ бортында бес ресейлік экипаж мүшесі болды.  БАҚ ұшақтың бөлшектері Ақ Ніл өзені маңындағы әуежайдың жанында табылғанын хабарлады.

Судандағы Ресей Елшілігіне Оңтүстік Суданда   ресейлік ұшақтың апатқа ұшыруы жөніндегі толық хабар келіп түспеді. Бұл туралы ТАСС-қа елшіліктің үшінші хатшысы  Сергей Коняшин мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін