Оңтүстікке келін бола алмайсың: шымкенттік жігітке ғашық боп қалған қыз кеңес сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікке келін бола алмайсың: шымкенттік жігітке ғашық боп қалған қыз кеңес сұрады

Оңтүстікке келін бола алмайсың: шымкенттік жігітке ғашық боп қалған қыз кеңес сұрады

Шымкенттікті жақсы көріп қалдым деген 21 жастағы қыз жігітінің еңбекке икемсіз, жатыпішер екенін айтып көптен көмек сұрады. Ол аздай анасы да қызына «оңтүстікке келін бола алмайсың» деп күніге құлақ етін жеп отыратын көрінеді.

  • 16 Сәуiр 2018
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтардың біріне жазды.

«Жасым – 21-де. Жігітіммен жүргенімізге 1 жылдан асты. Өзім Алматыда туып өскенмін. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанмын. Жігітім үйінде 4 ұл 1 қыз. Шымкенттің Жетісай деген жерінен. Менен 2 жас кіші. Мінезі өте шатақ. Осы уақытқа дейін жұмыс жасап, ақша тапқан емес. Үйінен алады. Көлігі де жоқ, еріншек біреу. Өзім оны қатты жақсы көремін. Әкем білмейді. Анам қарсы. «Оңтүстікке келін бола алмайсың. Әкең білсе араластырмақ түгілі, үйден шығармай қояды сені» дейді. Көзімді жұмып шығып кетейін десем болашағыма алаңдаймын. Жұмыс жасағысы келмейді. Ең болмаса Шымкентте де үйлері жоқ. Не істесем болады? Қиналып кеттім», – деп көптен көмек сұрады бойжеткен.

Оқи отырыңыз:

Қытайдағы қазақтардың не үшін қамалып жатқаны белгілі болды

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады
Соңғы жаңалықтар