Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аумақтық дау-дамайлар - АСЕАН-ның жіті назарында - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аумақтық дау-дамайлар - АСЕАН-ның жіті назарында

Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аумақтық дау-дамайлар - АСЕАН-ның жіті назарында

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығында (АСЕАН - Association of SouthEast Asian Nations) барлық проблемаларды,

  • 20 Қараша 2012
  • 519
Фото - Caravan.kz

соның ішінде аумақтық келіспеушіліктер мен теңіздік құқықтарды сыртқы араласуынсыз шешуге даналық пен мүмкіндіктер бар.

Бұл туралы кеше Камбоджаның Пномпен қаласында өткен Қытай- АСЕАН 15-ші саммитінде қытайлық премьер Вэнь Цзябао мәлім етті.

Саммит қорытындысы бойынша АСЕАН басшылары Оңтүстік-Қытай теңізі мәселесінде интернационалдандыруға жол бермеуге келісті және Оңтүстік-Қытай теңізінде Тараптардың іс-әрекеті декларациясына қол қойылуына байланысты бірлескен мәлімдемені жариялады.

Экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне қарамастан, Қытай мен АСЕАН елдері, атап айтқанда, Филиппин, Вьетнам, Малайзия мен Бруней арасындағы Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аралдардың егемендігіне қатысты наразылықтар 2009 жылдан бастап шиеленістердің өршуіне алып келді.

2010 жылы Қытай- АСЕАН Еркін сауда аймағы туралы келісім өз күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар