Оңтүстікте бюджет қаржысын игере алмаған бес мемлекеттік қызметкер орнынан алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте бюджет қаржысын игере алмаған бес мемлекеттік қызметкер орнынан алынды

Оңтүстікте бюджет қаржысын игере алмаған бес мемлекеттік қызметкер орнынан алынды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың жазғы демалыс алдындағы соңғы мәжілістерін өткізуде. Халық қалаулылары облыс бюджетін нақтылаумен қоса өңір бюджетінің атқарылуын да талқылады.

  • 22 Маусым 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Мысалы, былтыр пайдаланылмаған 259 млн теңгенің 40 млн теңгесі игірелмеген. Қаржының басым бөлігі ауыл шаруашылығы басқармасына тиесілі – 24 млн теңге. Ал 10 млн теңге – денсаулық басқармасымен және 3 млн теңге құрылыс басқармасымен игерілмеген. Осыған байланысты лауазым иелерінің бірі ескерту, сөгіс алса, бірдей бес лауазым иесі қызметімен қоштасты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қарауына ұсынылған 10 мәселенің алғашқысы – облыс әкімдігінің 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі. Былтыр бюджет 99,9 пайызға орындалған немесе жоспардағы 484 млрд 726 млн теңгенің 484 млрд 467 млн теңгесі игерілген. Пайдаланбай қалған қаржы 259 млн теңге болса, оның 218 млн теңгесі белгілі себептермен игерілмей қалды дейді облыстық бас қаржыгері.

Бюджет қаржысының игірілмеуіне және кейбір бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелерге қол жеткізілмеуіне жол берген лауазымды тұлғаларға тиісті шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізіліп, 3 лауазым иелеріне сөгіс, 4 лауазым иелеріне ескерту түрінде тәртіптік шара көрілді. Ал кәсіпкерлік басқармасының басшысы, оның орынбасары мен 2 бөлім басшысы және Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды. Облыстық тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебінде кемшіліктер ашық айтылды.


Мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік қолдау, бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы да қаралды. Депутаттар облыс бойынша тексеру комиссиясының Б корпусының Д-1 және Д-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын қарап, құжатты бекітуді сессияға жолдады. Халық қалаулылары сонымен қатар тұрақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізді. Босаған орындарға лайықты деп танылған әріптестері ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар