Оңүстік Қазақстанда жоғалған туристерді өзбек шекарашылары қамап қойған
|
Оңтүстік Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған туристер Өзбекстаннан табылды. Сайрам шыңынан 20-шілде күні оралулары тиіс 12 адамды өзбек шекарашылары 15-шілде күні ұстап алып, қамап қойған екен.
Алайда оңтүстік қазақстандық төтенше жағдайлар департаменті көрші елде жоғалған туристер туралы сұрау жолдағанда, ол жақтан ешқандай жауап келмеген.Тек қазақстандық арналарда туристердің жоғалып кеткендігі жайлы ақпарат өткенде ғана біздің 12 туристі Өзбекстан жағы ұстап алғандығын мойындапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін