Өнім және қызмет көрсету саласындағы жетістіктер үшін 2015 жылғы ТМД сыйлығына конкурс жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнім және қызмет көрсету саласындағы жетістіктер үшін 2015 жылғы ТМД сыйлығына конкурс жарияланды

Өнім және қызмет көрсету саласындағы жетістіктер үшін 2015 жылғы ТМД сыйлығына конкурс жарияланды

2015 жылғы  өнім және қызмет көрсету саласында жетістігі үшін ТМД сыйлығына  конкурс жарияланды.

  • 21 Тамыз 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыйлық 2015 жылғы ТМД елдерінің  өнім және/немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістігі, сапа менеджментінің қазіргі заманғы әдістерін енгізгені үшін ТМД елдеріне конкурстық негізде екі жылда бір рет беріледі.

Қазақстандық тауар өндірушілерде сапалы  қызмет көрсету саласында біздің елімізді халықаралық деңгейде лайық көрсетуге барлық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар өнім және қызмет көрсету сапасы саласында жетістіктері үшін 2013 жылғы ТМД сыйлығын алуға арналған конкурстың қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындар екі аталым бойынша лауреат атағына ие болды:

— «Халық тұтынатын тауарларды өндіру» (жұмыс істейтін жұмысшылардың саны 250 адамға дейін) «TREI-Қарағанды» ЖШС, Қарағанды қаласы;

— «Қызметтер» (жұмыс істейтін жұмысшылардың саны 251 адамнан 3000 адамға дейін) -Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті РМК, Астана қаласы.

Тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұраныстары өмірлік деңгейінің алдыңғы қатарына сапа мәселелерін шығарады, ал бұған қатысты іс-шараларға қатысу арқылы жетілдіру процесі кәсіпорындарды тарту мен халықаралық бенчмаркетингтің тиімді құралы болып табылады.


Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Сыйлықты беру туралы шешім ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында  қабылданады, ал оның қорытындылары 2015 жылдың соңында жарияланады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер өтінішті ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне осы жылдың 1 қазанына дейін ұсынуға тиіс.

Толық ақпаратты www.memst.kz  — Өнім және кызмет көрсету саласында жетістігі үшін ТМД сыйлығын алуға арналған  конкурс сайтынан көруге болады.

Толық ақпарат алу үшін байланыс телефоны: + 7 7172 793314.