Онлайн оқыған оқушылар жаппай бес алды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Онлайн оқыған оқушылар жаппай бес алды

Онлайн оқыған оқушылар жаппай бес алды

Онлайн отличниктер.

  • 25 Мамыр 2020
  • 43
Фото - Caravan.kz

Қазір қашықтан және онлайн тәртіпте білім алып жатқан оқушылардың үлгерімдері кенетттен жақсарып, жаппай бес ала бастады деп шулап жатыр қоғам. Ата-аналар болса оқытудың аталған формасына қарсылық танытып, керек десеңіз мыңдап қол жинағаны кеше ғана. Осы аптада елдің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов мырза петиция жинаушыларға жауап беріп, онлайн оқыту жүйесіне еріккеннен көшкен жоқпыз деп мәлімдеді. Оның айтуынша әлемде қазір бір жарым млрд оқушы қашықтан және онлайн тәртіпте білім алып жатыр. Сөз жоқ, бұл мәжбүрлі шара. Десек те оның тетіктерін жетілдіріп, керек кезінде өз ыңғайымызға тиімді пайдалану қажет деп отыр білетіндер.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Талай жыл шәкірт тәрбиелеген Жарықкүл Құрманбаева бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз. Өзге құрдастарындай емес , ғаламторды күнде ақтарып, желідегі жаңалықтарды құр жібермейді. Заманынан қалмауға тырысатын кейуана озық техниканы қанша жақсы көрсе де, оның көмегімен бала оқыту дегенге үзілді-кесілді қарсы
 

ЖАРЫҚКҮЛ ҚҰРМАНБАЕВА ЗЕЙНЕТКЕР:

«Қашықтан оқыту дегенің ол тіпті баланы сауатсыздыққа апаратын нағыз жол. Мен солай деп ойлап отырмын. Қашықтан оқытудың бізге мүлде керегі жоқ. Анау мынау істеп жатыр деп еліктеуге болмайды.  Қазақтардың өз менталитеті бар.
 

Еті сенікі, сүйегі менікі-, деген түсінік қой біздегі. Бірақ, пандемияның пәрмені балаларымызды үйді үйге тықты. 3 миллионнан астамы онлайн оқу жүйесіне көшті.  

 Алайда, миллиардтар бөліп цифрландырған Қазақстанның бірде бір платформасы соларға ғаламтор арқылы сабақ беруге жарамады. Зере Шұқпан Алматыдағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің бірінші сыныбын тәмамдады. Алғашқыда зум, одан қалды классрум деп алатын жүйелер арқылы сабақ оқып көріпті. Ақыры Балапан телеарнасына телмірген.

ЗЕРЕ ШҰҚПАН 1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

«Емтихандарда, кейбір білмей қалған жерлерді әпкем көмектесті,
кейбір кезде ғана көшірдім, қиын болған жерде, онлаин оқыған үанды. Бірақ мектепте достарымды сағындым».

Зера сынды төртінші тоқсанды тек беске бітіргендердің саны былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Бұған қатысты желілерде *ата-аналар баларды мұғалімнен жақсы оқытады екен*- ,деген де қалжыңдар жүр.

САЯ ШҰҚПАН, 6 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

«Апайлар жиынтық бақылауды өздері жасайды. Кейбіреулер интернеттен алады. Интернеттен алғанда жауаптары болады сол интернетте».

Өзі жоқтың көзі жоқ. Осындай принциппен тапсырылған емтихандар бұл-, дейді ата- аналар. Онлайн оқытудың білім саласын төмендетіп жібергені былай тұрсын, комьютерлік бақылау жүйесінің жоқтығы обьективті түрде емтихан тапсыруға да мүмкіндік бермеген. Сондықтан осы тоқсан соңында шыққан қорытынды бағалар баланың білім деңгейін нақты көрсетпейтініне сенімді ата аналар.
 

ГҮЛНАР ҚОҢЫРАТ   КӨП БАЛАЛЫ АНА:


«Балаларда  жауапкершілікті сезіну жеткіліксіз, сондықтан жиынтық бақылау тапсырмаларын орындау оңай деген ой қалыптасты. Сандық көрсеткіш жоғары болғанымен, білім сапасы төмендеп кетті, көшіріп алды ғой жеңіл болды ғой. Ешқандай қиындық туындаған жоқ.

Онлайн жүйе мұғалімдердің де жүйкесін жұқартты. Бұрынғыдай дәптер тексеру дегенді ұмытқанымен,баланы көзбе көз көрмегесін сабақ беру қиын дейді-, ұстаздар.

БЕРІКБОЛСЫН КЕМЕЛБЕК – МҰҒАЛІМ:

«Бетпе-бет жүздесіп, балалармен қауышып, сабақ бергенге ештеңе жетпейді. Бірақ баламен жүзбе -жүз көрісіп , оның көңіл күйіне сабағына сабақ түсіндіру барысында қарауды қатты үйреніп қалыппын.

Ал бала оқытудың бұл түрі білім министрлігінің көңілінен шыққан көрінеді-мыс. Шенділер "қашықтан оқытуды заңдастыру жоспарларын" құрып жатыр екен деген қауесет ата -аналардың ашуын туғызды. Олар тіпті ғаламаторда "Дәстүрлі мектептер үшін" атты онлайн петициясын ұйымдастырып, аз уақытта 20 мыңға жуық ата-ананың қолын жинады. Бұл даудың нүктесін білім министрінің өзі қойды.

"Бүгінде ең тиімді және ыңғайлы форма — бұл мектептердегі дәстүрлі күндізгі оқыту екенін түсінеміз. Дегенмен, қашықтан оқыту технологиясын дамыту және мектептерді ақпараттандыруды жалғастыру керек. Қосымша мүмкіндік және балама ретінде".

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
«Заман талабынан қалмай өз ғаламтор платформамызды дамытуымыз керектігінде дау жоқ. Иса Тоқтыбаев биыл Еуразия ұлттық университетінің компьютерлік технологиялар мамандығын тәмамдамақшы. Мемлекеттік емтихандардың бәрін онлайн тәсілмен тапсырып жатыр. Комиссия қатал болғанымен, уйде отырып, шпаргалка қолдануға толық мүмкіндік бар-, дейді ол. Озық техниканың тілін білетін болашақ түлек қазірдің өзінде шет елдік компаниядан жұмыс тауып қойыпты. Олардың емтихан тапсыруға көмектесетін компьютерлік бағдарламасы жаға ұстатады дейді».

ИСА ТОҚТЫБАЕВ  СТУДЕНТ:

«Ол жактағы экзамен тапсыру жүйесінде интеллектуалды жүйе бар. Жасанды интеллект. Көз қарашығы басқа жаққа қараса, бірден біліп қояды. Экзаменнен шығарып жібереді. Қазақстанда өкінше орай ма, қуанышқа орай ма, оған жете қойған жоқ»

Қалай болған күнде де, дәстүрлі оқу жүйесі күзде қайта жанданады деп үміттенеміз. Алайда, форс-мажор жағдайларға да альтернативті оқыту жүйеміз дайын болуы тағы бар! Оның техникалық мүмкіндіктер.

Соңғы жаңалықтар