Оның бұл жерде қатысы жоқ: Гауһар Әлімбекованың сіңлісі өз шындығын айтты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оның бұл жерде қатысы жоқ: Гауһар Әлімбекованың сіңлісі өз шындығын айтты

Оның бұл жерде қатысы жоқ: Гауһар Әлімбекованың сіңлісі өз шындығын айтты

Гауһар Әлімбекованың туыстары оның кінәлі екеніне сенбейді. Сіңлісі Гүлнар Әлімбекованың айтуынша, сазгер әпкесі Бақыт Назаровадан алған 40 мың доллар ақшаны сол күйінде бір компанияға тапсырған. Өзі де алданып қалған.

  • 3 Ақпан 2019
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” жобасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Кінәсі жоқ. Бұл жерде 1000 теңге де жеген жоқ. Егер ол ақшаны жейтін болса, неге көлік, баспана алвп алмайды? Я болмаса жағдайын жасап алмайды?

Гауһар жай ғана ақшаны алды, ұлы Тимурмен бірге кеңсеге тапсырады. Бір компанияға. Болды. Гауһардың мұнда қатысы жоқ. Ордабаева өзінің мойнына алып отыр ғой. – Біздің компания алды, құжаттар тіркелді, – деді. Бірақ түбіне келгенде жалған болып тұр ғой”, – деп ашынды Гүлнар Әлімбекова.

Ал отандық эстрада жұлдыздары Әлімбековаға көмек көрсету үшін ақша жинауға кіріскен. Істі қолға алған Ақбота Керімбекова өз атынан шот ашып, реквизиттерін әлеуметтік желіде жариялады:

Каспий голд: 5169 4931 7408 5368;
AKBOTA KERIMBEKOVA
ИИН: 761203400025

Белгілі продюсер Ерғали Әбдірайымовтың айтуынша, танымал тұлғалар екі күн ішінде 900 доллар ақша жинаған. Ал Мақсат Базарбаев әлеуметтік желіде аузына келгенін жазатын оқырмандарды сабырға шақырды.

“Телефонның артында отырғандар басқаша пікір білдіріп жатыр. Ол адамдарға сабыр берсін, бастарына келмесін мұндай”, – дейді ол.


“Өнер адамдары 50 мыңнан болса да, 100 мыңнан болса да, әркім шама-шарқынша жинап беруге дайынбыз”, – дейді Ақбота Керімбекова.

Еске сала кетейік, Гаухар Әлімбекованың алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді.

Кейіннен Әлімбекованың елбасыдан араша сұрап, хат жазғаны анықталды. Ал күні кеше сазгерді сотқа берген Бақыт Назарова өз шындығын айтып, оны түрмеге жабуды ойламағанын, тек ақшасын қайтарғысы келетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Әлімбекованың  темір тордың ар жағынан халыққа жолдаған хаты жарияланды.

Соңғы жаңалықтар