“Оның талаптары ұнамады” Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққысы келгенін жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Оның талаптары ұнамады” Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққысы келгенін жасырмады

“Оның талаптары ұнамады” Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққысы келгенін жасырмады

50-ге келгенде ғашық болдым деп жар салған Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққысы келгенін жасырмайды.
Бүгінде материалдық дүниелерге деген қызығушылығы басылған әншінің қалайтыны тек қана - махаббат пен жан тыныштығы.

  • 25 Тамыз 2021
  • 1265
Фото - Caravan.kz

Алайда әншінің екінші рет ақ көйлек киемін деген арманы әзірге орындалмайтын көрінеді. Сүйіктісінің қойған талабы мен оған берген жауабы жайлы Түсіпбаева Paparazziбағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Тұрмысқа шыққым келді, ойым болды. Бірақ маған қойылған талаптар менің бүгінгі күнгі ойыма, өмір сүру дағдыма сәйкес келмеді.

Ол кісіні жақсылап тыңдадым, бірақ қойған талаптары ұнамады. Менің бүгінгі күні еркелеп жүруім халыққа… Білесіздер, ойымды еркін айтатын, ешкімнен тайсалмайтын, атым бар, затым бар, өзімнің үйім бар, күйім бар…

Солай жүрген адамды "болды, сен сол кісінің әйелісің" деп бір қалыпқа салып қою.. Тіпті өнерден де бас тартуға тура келетін сияқты", — дейді Меруерт.


Әнші сүйікті адамын ашық әңгімеге тартып, өз жауабын берген.

"Біз бір-бірімізбен ашық сөйлестік. Мен "жағдайдың бәрін осы қалыпта қалдырайық, өмірімді өзгертуге дайын емеспін" дедім. Бәлкім жалғыздықтан шаршаған шығармын, бәлкім тұрмысқа шыққым келген шығар", — дейді әнші.

Соңғы жаңалықтар