Онжылдыққа арналған "Ауыз су" бағдарламасы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Онжылдыққа арналған "Ауыз су" бағдарламасы бекітілді

Онжылдыққа арналған "Ауыз су" бағдарламасы бекітілді

Қазақстан үкіметі 2011-2020 жылдарға арналған халықты сапалы ауыз сумен және "Ақ бұлақ" су бұрғыш қызметімен қамту бағдарламасын бекітті.

  • 3 Маусым 2011
  • 2567
Фото - Caravan.kz

Бағдарламада су көздерінің тазартылмаған ағын сулармен ластануын болдырмау, жеке капиталды сумен қамту және су бұру саласына тарту қарастырылған, деп Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінде хабарланған.

Сонымен қатар, бағдарлама эксплуатациялық кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуге, халықты ауыз сумен қамту үшін жерасты суларын барынша пайдалану және су шаруашылығы саласындағы жобалау-іздеу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда республика тұрғындарының айтарлықтай бөлігі сапасы дұрыс, әрі толық көлемде сумен әлі қамтамасыз етілмеген.
Мәселен, халықты орталықтандырылған сумен қамту үшін пайдаланылатын 1-ші санатты ашық су тоғандарындағы судың сапасы, жалпы алғанда республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2009 жылмен салыстырғанда нашарлаған. Судың сапасын тексеру үшін алынған 1989 сынаманың 151-і немесе 7,6%-ы нормативке сай келмеген, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша — 4,5%.
Судың ең жоғарғы ластану деңгейі Қызылорда облысында — 95,8%, Батыс Қазақстан облысында — 22,4%, Ақмола облысында — 16,9%, Оңтүстік Қазақстан облысында — 8,5%.
Ашық тоғандарда судың сапасына ықпал ететін себептердің бірі су бұру желілеріндегі апаттар мен тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, эксплуатациялық кәсіпорындар тартылады.

Соңғы жаңалықтар