Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
— Сізді бір кездері оппозиция өкілдерімен күресуге шақырды, оған бармадыңыз. Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болдыңыз, Маслихат депутаты болдыңыз. Айтыңызшы неге сізді бір жерге нақты қойып еңбек етуге мұрша бермейді?
— Шынымды айтсам Маслихат депутаты болу арқылы көп тәжірибе жинадым. Көптеген адамдармен таныстым. Халықтың алдында қалай сөйлейді. Шешім қабылдар алдында неге назар аудару керек. Бәрін білдім. "Үйрен, үйренде-жирен" -деген бар ғой. Мен өзімді алдандым деп есептемеймін. Мен көп жерде өз пікірімді айтамын, ешкімнен үркіп отырмаймын. Сол себепті мансабым әрі қарай жалғасын тарқан жоқ деп ойлаймын. Есепсіз бөлінген қаржынының есебін сұраймын. Керек емес үлкен концерттерге миллиардтап ақшалар бөлінеді. Оның не керегі бар? Одан да сол ақшаға спорт мектебін ашайық, сырға таққан бәлелерді шақыра бермей, керек нәрсеге жұмсайық деп шырылдадым. Сөйтіп жүріп біраз бюджетті ауруханаларға, балалар үйіне қатты зәрі жандарға жұмсауға септігімізді тигіздік. Осы бір іс-әрекеттерімізбен жақпай қалған сияқтымыз. Еш өкініш жоқ көп нәрсе үйрендік.", — деп сөзін аяқтады Ислам Байрамуков.
Желі оқырмандары: "Жарайсыз қаныңыз қазақ болмаса да, жаныңыз қазақ деп соғады","Осындай азамматарымыз көп болса екен","Батыр","кейбір нағыз қазақтарға қарағанда Исламды мақтан етеміз","Осы жолдан тайма бауырым","Алла жар болсын",- деп жазды.