Жарияланды: 7400

"Оқиғаны шынайы айтпайсыздар, басы жұлынған адам бар": Арыста Айгүл Орынбекке күш көрсетілді

"Оқиғаны шынайы айтпайсыздар, басы жұлынған адам бар": Арыста Айгүл Орынбекке күш көрсетілді

Белгілі заңгер Арыста сақалды қысқа балақтылардың пайда болғанын айтты. Олар елді арандатумен айналысып жүрген көрінеді. 

Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Ақпарат майданында жүру оңай жұмыс емес! Зардап шеккендерге көмек береміз деп барып, соққыға жығылдық.
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің араласатын уақыты келген сияқты.
Төтенше қызмет, ұлттық ұлан, полиция, қорғаныс министрлігі, әкімдік мына жағдайды игере алмай жатыр.
Себебі мешітке көмек берем деп келген адамдардың шын ниетін анықтау керек!
Провакаторлар халықты билікке қарсы қойып, қазақ баласын, кәріс баласы деп біздің көзімізше тепкіліп ұрып тастады. Оларды түсіріп тұрған біздің қолымыздан қайырып телефонымды алмақшы болды. "Оқиғаны шынайы айтпайсыздар"- дейді. "Басы жұлынған адам бар"- деп айқайлайды, бірақ нақты видеоға ештеңе айтпайды. Көбісі сақалды, қысқа балақтылар!
Сөздері агрессияға толы, "қазақтың жері"-де айқайлағаннан басқа ештеңе айта алмайды. "Мешітте отырып алып ешқандай көмек жоқ биліктен"-деп айтып отырған уағыздары, жүйкесі тозып отырған халықты одан сайын өршіте түсуде! Арыстың қайғысын әркім өз пайдасына пайдалануда!
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы К.Мәсімов мырза қоғам белсендісі ретінде біздегі оқиғаны өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!
Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін дәл қәзір бүкіл құрылымдық күштер бірігу керек! - деп жазды Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, кеше белгісіз адамдар Vласть басылымының журналистері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке шабуыл жасады. Оқиға Арыс тұрғындарына арналған эвакуация бекеттерінің бірінде, Шымкенттің орталығындағы «Ақ мешітте» видеорепортаж жасап жүргенде болған. Тілшілер тек полицияның араласуы арқасында ғана оқиға орынан қашып құтылған. Журналистің айтуынша оларға тап бергендер 50 шақты  адам көрінеді.   

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін