ОҚО Алматы -Ташкент жол трассасы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО Алматы -Ташкент жол трассасы жабылды

ОҚО Алматы -Ташкент жол трассасы жабылды

Шымкент. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 30 шақырымға созылған Алматы-Ташкент жол учаскесінде және облыстық маңыздылығы бар жолдарындағы екі асуда көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Жымбыл облысының жол полициясының өтініші бойынша, Тұрар Рысқұлов поселкесінен «Высокое» жол бекетіне дейінгі 30 шақырымдық Алматы -Ташкент жол учаскесінде көлік қозғалысына тосқауыл қойылды «, — деп хабарлайды ТЖ департаментіндегілер.

«Жол қызметі жолдарды қардан тазалап үлгере алмағандықтан, жамбылдықтар осындай өтініштерін жеткізген «, — деп атап кетті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері айтқанындай, ОҚО Созақ ауданында Таскөмірсай асуында және Бәйдібек ауданында — Одаман бұлақ асуында қозғалыс тоқтатылды.

Бүгінде облыс бойынша ауа райы өте қолайсыз, қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетуде. Барлық қызметтерге күн райының бұзылатындығы ескертілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті