Жарияланды: 370

ОҚО кеденшілері қырғыз жүргізушілеріне 25 млн. теңге айыппұл салды

Қырғызстаннан келген жүргізушілер мемлекеттің кірісіне 25 млн. теңге төлеулері қажет. Оңтүстік Қазақстан бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы бөлімінің бастығы Р. Жақсылықтың сөзіне қарағанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бас тарту фактісі үшін қатарынан 3 қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте шамамен 1 ай бұрын жемістер тиелген 5 жүк көлігі контрабанда деген күдікпен ұсталды. Алайда кейін анықталғандай, тасымалдаушылар - Қырғызстанның азаматтары Кеден одағының талаптарын бұзған. Шетелдік нөмерлермен келген көлік жүргізушілері кедендік баж салығын төлемеген. Айта кетейік, қырғызстандық жүргізушілер өз кінәларын мойындамай отыр. Олар өз кезегінде кеден өкілдерін «сарсаңға салды» деп кінәлауда. Жүргізушілердің сөзіне қарағанда, кеден өкілдері істің мән-жайын түсіндірмеген. Көрші елдің азаматтары Шымкенттегі Абай аудандық сотына кеден бақылау департаментінің үстінен шағымданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін