«Бүгінгі күні Мақтаарал ауданында 125 мың гектар жердің 64 мың гектары ғана шайылған. Біздің көршілеріміз «Достық» арнасына секундына 100 текше метр суды беру жөнінде міндеттемесін орындай алмай, оның орнына секундына 50 текше метр суды беріп отыр. Қазір агротехникалық уақыт бойынша егіндік жерлерді дайындап шаю жұмыстарын жүргізуден пайда жоқ. Енді себу жұмыстарын жүргізу керек «, — деп хабарлады «Югводход» РМК суды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Омарова.
ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің өсімдік бөлімінің бастығы Шыбықкүл Мары хабарлағанындай, бүгінгі күні 14 мың гектар себілді. «Ал шаруалар шайылмаған жерлерге, жаңбырдан кейін ылғалды болып тұрған жерлерге мақта сеуіп жатыр. Әрине бұл астыққа әсер береді «, — деді Ш. Мары.
ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері бойынша биылғы жылы 180 мың гектарға мақта себу жоспарланған.
ОҚО өткен жылы ғалымдардың мақта алқаптарын бір ширекке азайту жөнінде айтқан ұсыныстарына қарамастан, 200 мың гектарға мақта себілді. Биылғы жылы да мамандар су тапшылығы жағдайына орай мақта алқаптарын азайтуды ескертті.
ОҚО облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша өткен жылы облыс бойынша 438 мың 700 тонна мақта жиналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті