ОҚО пара алды деген күдікпен аудандық әскери комиссары құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО пара алды деген күдікпен аудандық әскери комиссары құрықталды

ОҚО пара алды деген күдікпен аудандық әскери комиссары құрықталды

Шымкент. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті пара алды деген күдікпен Түлкібас ауданының әділет басқармасының маманы мен әскери комиссарын қолға түсірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі подполковник шеніндегі басқармасының бастығы 40 мың теңге пара алған кезінде құрықталды. Ол ақша берген әйелдің туысына әскери билет жасап беруге уәде берген болатын «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ,Түлкібас ауданында әділет басқармасының жетекші маманы қолға түсірілді. Ол жылжымайтын мүлікке тыйым салынғаны жөнінде анықтама қағазын тез беру үшін пара талап еткен.

Осы оқиғаларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті