ОҚО полицейлері ұрлық жасаумен айналысқан екі азаматты ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО полицейлері ұрлық жасаумен айналысқан екі азаматты ұстады

ОҚО полицейлері ұрлық жасаумен айналысқан екі азаматты ұстады

Құрықталғандардың екеуі де жұмыссыз азаматтар.

  • 6 Қараша 2017
  • 181
Фото - Caravan.kz

Сарығаш АІІБ-ның полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Көпшілігінде олар иесі үйінде болмаған кезде дабыл жүйесі орнатылмаған, әйнектерінде торы жоқ үйлерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарығаш АІІБ-ның кезекші бөліміне 62-жастағы тұрғын хабарласқан, ол арызында белгісіз тұлғалар оның үйіне кіріп, жалпы 7 миллион теңгеден астам бағалы заттары мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт Сарығаш АІІБ СДТБТ-не «ұрлық» бабы бойынша тіркелді.

Сарыағаш АІІБ жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары екі жергілікті тұрғынды ұстады, екеуі де 1995 жылы туылған, жұмыссыз азаматтар. Тергеу барысында ұсталғандардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 15 жайтына қатысы бар екені анықталды. Әккі ұрылар тұрғын жайлардың пластик әйнектерін бұзып ашып, үй иелері болмаған кезде кіріп отырған. Сосын олар бағалы заттар мен әртүрлі техникаларды, алтындарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы келтірілген шығын көлемі 14 миллион теңгеден асып отыр.

Аталған жайт бойынша 
ҚР ҚК-нің 188-бабы
 «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жинақталған материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері үй иелеріне өз мүлкін сақтау үшін сақ болуын ескертеді. Тәртіп сақшылары әйнектерге темір тор құрып, кіре беріс есіктерін темір есікке ауыстырып, сондай-ақ, үйлерге дабыл жүйесі мен домофон орнату керектігіне кеңес береді.

Егерде сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, сізге полицияға хабарласып, немесе 102 телефонына қоңырау шалуыңыз қажет.

Соңғы жаңалықтар