ОҚО Сарыағаш ауданында бір жарым мың үй судың ішінде қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО Сарыағаш ауданында бір жарым мың үй судың ішінде қалды

ОҚО Сарыағаш ауданында бір жарым мың үй судың ішінде қалды

Шымкент. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 1446 үй судың ішінде қалып, 90 үй бүлінді , деп хабарлайды агенттік тілшісі аудандық әкімдіктің таратқан ақпаратына сілтеме жасай отырып.

  • 21 Ақпан 2008
  • 627
Фото - Caravan.kz

Сарыағаш ауданы әкімдігінің соңғы мәліметтері бойынша, Ақтөбе ауылдық аймағының алты ауылында 1020 үй зақымданып, 70 бүлінді. Ал Ошақты ауылдық округында 120 баспана, Жүзімдікте-76 үйдің үшеуі бұзылды. Ал Жамбыл және Бірлесу аймағында 230 үй судың ішінде қалып, 17 қабырғасы құлады.

Сонымен қатар, үш мектеп судың ішінде қалып, Шымкент Жетісай трассасын су басты.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қатты құйған жаңбыр мен қардың еруінен ОҚО жүздеген үйлер судың ішінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті