Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қолға түсірген күдікті және тағы ды басқа адамдар алдын ала қылмыстық келісімге келіп кәсіпкерлердің айналымындағы қаржысын салықтан шығаруға арналған бірнеше фирмаларды тіркеп құрған.
Сөйтіп жалған «Тандем-Трио» ЖШС, «Галерея және К» ЖШС, «Сириус-07», «Лизинг Х», «Victoria Юг», «Лидия ТоргСтрой», «Erfold LTD» және басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тіркелген.
«Қылмыстық келісімнің қатысушылары есептік құжаттарды жалған келісімдер бойынша толтырып, соның салдарынан жалпы бюджетке 6 млрд теңге мөлшерінде міндетті төлемдер мен салық түспей қалған «, — деп хабарлады Ж. Мамытова.
Қазіргі кезде бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша(жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті