ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жойқын апатта құрбан болғандар саны 14 адамға жетті. Оқиға орнында 9 адам мерт болды, ал аурухананың оңалту бөлімінде есін жия алмаған тағы бес адам көз жұмды, олардың арасында шағын автобус жүргізушісі де бар.
«Бұған қарамастан, істі тергеу жалғастырыла береді. Соқтығысудың барлық себептерін анықтайтын боламыз, «Мерседес-спринтер» шағын автобусы кімдікі екені де анықталады», — деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Қазір жедел медициналық көмек ауруханасында тағы бес адам жатыр, олардың үшеуі — оңалту бөлімшесінде. Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер тағы үш баланың өмірі үшін күресуде. Олар тұрақты ауыр жағдайда, ал ауруханаға түскенде өте ауыр жағдайда болған.Зардап шеккен балалар 3, 4 және 9 жастарда, деп нақтылады ауруханада. Олардың екеуі — Тараз тұрғыны және бір қыз — ОҚО-дан.