Жарияланды: 400

ОҚО-да 23 астыртын арақ өндіретін цех әшкереленген

Оңтүстік Қазақстан облысында астыртын арақ-шарап шығаратын цех әшкереленді. Халық арасында кең танылған сауда белгілерінің атын жамылып, жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген нысан заңсыз өнім шығаруды жолға қойып алыпты.

Цех Сайрам ауданындағы тоқтап тұрған зауыт ішінде орналасқан. Заңсыз өндіріс орнын тексеру кезінде 3мың тоннаға жуық спирт, 160 литр коньяк қоспасы және мың данадан аса дайын арақ-шарап өнімдері табылған. Сондай-ақ, астыртын цехта 13 мың данадан астам жалған акциздік маркілер анықталды. Жалған арақ жасаушылар бұл шаруаның бәрін кәдімгі станокта іске асырып отырған. «ВинАлко» деп аталатын цехтың әрекетінен мемлекетке үш миллион теңгеден аса зиян келтірілген.  Жалпы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жалған спирттік ішімдік жасаған 23 адам жауапкершілікке тартылып, 40 миллион теңгеден астам заңсыз тауар тәркіленген.

Тәжіхан Жақсыбаев, ОҚО Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары:

-Көп қаражатты қажет етпейтін бизнес және заңсыз бизнес. Үлкен көлемде пайда әкеліп отыр.Көшеден этил спиртін сатып алып, жалған этикеткаларды алып, қодан бәрін жасап, арақ өткізіп отырған;  бір тиын да салық төлемеген.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть