Жарияланды: 680

ОҚО-да 3 мыңдай балада туылғанынан жүрек ақауы бар

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) «Туылғанынан жүрек ақауы бар» (ТЖА) деген диагнозбен 15 жасқа дейінгі 2 мың 802 бала есепте тұр, олардың 1 жасқа дейінгілері – 415 бала, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Омарова мәлім етті.

«Республикалық клиникалардың кардиохирургтары 1 мың 235 балаға консультация берді. Олар жалпы ТЖА бар балалардың 44,1%-ын құрайды. Консультация берілген балалардың барлығы ақауларына оперативтік немесе эндоваскулярлық түзетулерге мұқтаж», - деді А. Омарова. Ол сондай-ақ республикалық клиника деңгейінде 2008-ші жылы - 67 балаға, 2009- 182 балаға, 2010 жылы – 304 балаға операция жасалғанын айтты. «Сәбилердің жастай қайтыс болуында ТЖА, әртүрлі асқазан-ішеу ақауларынан соң екінші орында», - деді А. Омарова. Мысалы, 2010 жылы ОҚО-да 75 мың 700 бала туылса, 132 бала туылғанынан жүрек ақауынан қайтыс болды. «Орташа есеппен жылына 450-дей бала туылғанынан жүрек ақауымен туылады да, олардың 350-дейі операцияны қажет етеді», - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін