Жарияланды: 460

ОҚО-да ақша беруден бас тартқан оқушыны пышақтап өлтірді

Оңтүстік Қазақстанда тағы да оқушылар пышақтасты! Салдарынан 10-шы сыныпта оқитын жасөспірім қаза тауып, екеуі жараланды. Қанды оқиға Сарыағаш ауданының Таскескен ауылында болған. Оған 11-ші сыныпта оқитын бозбалалардың кішілерге әлімжеттік көрсетіп, ақша бопсалауы себеп екен. Білім ошағында болған сұмдықтан кейін мектеп директоры қызметінен босапты. Ал күдікті деп танылған оқушы қазір қамауда отыр.

Таскескендегі оқушылар арасында кикілжіңнің басталғанына біраз болыпты. 11-ші сынып оқушылары екіге бөлініп, бірі төменгі сыныптарға жәбір көрсетіп, тіпті ұруды жиілетсе, екіншілері оларды қорғап әлек екен. Бұл жолы да 10 -сынып оқушылары өздерін жақтайтын тараптан көмек сұрап келген. Сөйтіп, мектепте басталған ерегіс кешкісін көшеде жалғасқан.

-Оқушылар арасындағы текетірес міне осы жерде болған. Ауыл сыртындағы алаңқайға жиналған 10-шы және 11 сынып оқушылары әуелі қараңғы түскенін күтіпті. 20 шақты жігіттің арасындағы әңгіме төбелеске ұласқан. Міне, сол кезде 17 жасар Бекарыс қарсыластарына пышақ ала жүгіріпті.

Қараңғыда ол қолындағы пышағымен тетелес екеуді ұрып жаралаған. Ашуға мінген жеткіншек өзінен 1 жас кіші Оралбекті де аямады. Өкінішке қарай, ол өліп кетті. Ал, оны қорғаймын деп келген екі оқушы ауруханада жатыр.

Ержан Мамыров, жәбірленуші:

-Бардық сонымен тұрдық біраз. Бізге  жүрсіңдер, анау -мынау деді. Сонымен ерегісіп қалдық. Сонымен пышағын шығарды. Сонымен басталды ғой сол жерде

-Бекарыс па?  

-Сонымен төбелестік біздің балалар қашты.

Төсекке таңылған Ержанның анасы Бекарыстан ұлы бұрын да таяқ жегенін айтады. Бір ай бұрын көгала қойдай тепкілепті. Ол кезде оқушының анасы полицейлерге хабар берген жоқ едім дейді.

Сәуле Құлмұхамедова, Е. Мамыровтың анасы:

-Талап етеміз. Не үшін? 16 жасар бала өліп кетті сол үшін. Мына екеуі жарақатта отыр. Түнде біз қандай жағдайда болдық? Әлі бізден кешірім сұраған жоқ.

Ал оқу ордасындағы мұғалімдер оқушылардың арасында кикілжің бар екенін тіпті сезген жоқпыз деп ақталады. Айтуларынша, пышақ сермеген Бекарыс тіпті оқуымен де, тәртібімен де үлгілі болыпты.

Ботагөз Қайназарова, мектеп директорының орынбасары:

-Біз тесттер алып отырамыз. Біз жиналыс жасап, олардан сұрасақ балдар жасырады. Айтпайды. Жоқ, ақша жинау болған жоқ деп айтпайды. Ұру туралы да айтпайды. Жасырады.

Түнгі төбелесте қырғын салып, біреуді өлтіріп, тағы екеуін жаралаған Бекарыс Тұрдан қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе15 жылға дейін бостандық көрмеуі мүмкін. Қазір, мектеп директоры орнынан босап, учаскелік инспектордың да біліктілігі сынға алынды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін