Жарияланды: 160

ОҚО-да ер адам сүйіктісін қызғаныштан сабап өлтірген

ОҚО-да ер адам сүйіктісін қызғаныштан сабап өлтірген

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам қызғаныштан бірге тұратын әйелді сабап өлтірген.

Полицейлердің мәліметінше, қанды оқиға 1 қаңтарда Сайрам ауданында болған. 45 жастағы күдікті бірден ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зорлық-зомбылық іздері бар 1981 жылғы әйелдің денесі ауылдардың бірінен табылған. Тергеу адам өлтіруге себеп азаматтық әйелін қызғану болғанын анықтады. Ер адам әйелді ұрып өлтірген. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ІІД-нің өкілдері. 

Жалпы облыстық ІІД-нің мәліметі бойынша, мерекелік үш күнде полицейлер 100-ге жуық қылмысты ашқан. Облыс бойынша алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда үш адам қаза тапқан және алты адам түрлі жарақат алған.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть