ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды

ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

  • 11 Сәуiр 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не белгісіз азаматтың Шымкент қаласының аумағында есірткі сатып жүргені туралы хабар келіп түскен, деп жазады otyrar.kz.

ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 1973 жылғы тұрғыны «марихуана» есірткі затын сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды.

Ұсталған күдіктінің жеке басын тінту барысында оның ішкі қалтасынан жалпы салмағы 18 грамм «марихуана» есірткі заты және үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде жалпы салмағы 16 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Той жүргізіп, асаба болуымды өтінетіндер көп. 20 мың доллар сұраймын — Баян Алагөзова
Ерке Есмахан сұхбаттан бас тартатындай жағдайға жеткен
Қыз туа бердің: Шымкенттік намазхан жігіт әйелін 5 баласымен тастап кеткен

 

Соңғы жаңалықтар