Жарияланды: 50

ОҚО-да есірткіні сыйақы ретінде берген және пара алған полицейлер сотталды

ОҚО-да есірткіні сыйақы ретінде берген және пара алған полицейлер сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткіні сыйақының орнына берген және пара алған полицейлер сотталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Отырар аудандық ішкі істер басқармасы бастығының екі орынбасары мен учаскелік полицейге қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының үйлестіруші судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, қылмыстық іс құпия құжаттар болуына байланысты жабық түрде қаралған. «Отырар аудандық ІІБ бастығының бірінші және қатардағы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі заттарын заңсыз өткізу» және «Заңсыз оқ дәрілерді сақтау», «Пара алу» мен «Қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған» деген баптарымен айыптау үкімі шықты. Олар он жылға бас бостандығынан айырылды. Учаскелік полицей Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен айыпты деп танылып, оған 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу белгіленді»,- деді Әбинұр Қарабаев. Судьяның айтуынша, полицейлер өздеріне түрлі қылмыстар туралы жасырын ақпарат жеткізетін адамға сыйақы ретінде есірткі берген. Айта кетейік, есірткіге қатысты тағы Абай аудандық полиция бөлімінің 4 учаскелік инспекторы мен түзеу мекемесінің бір қызметкері осы текстес қылмыстары үшін сотталған. «Одан бөлек, Отырар аудандық сотында ішкі істер басқармасының аға тергеушісі пара алғаны, Түркістан қалалық сотында ішкі істер басқармасының тергеушісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жасаған қылмыстық істері қаралуда. Сондай-ақ, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлеріне қатысты болып жатқан сот отырысында да бір айыпталушы Еңбекші аудандық Жергілікті полиция бөлімінің бөлім бастығы қызметін атқарған. Оның ісі де аталған сотта қаралып жатыр», - деді облыстық соттың судьясы Тамара Самуйлова.

Оқи отырыңыз:

Астана мен Ақмола облысында үсік жүруі мүмкін
Балғынбек Имашев: қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады
Өзін әлемдік жұлдызға теңеген Ерке сынға қалды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть