Келеңсіз оқиға патрульдік полиция қызметкерлерінің түнгі кезекшілігі кезінде болған. Шымкент аумағынан шығуға болмайтыны белгілі бола тұра, экипаж мүшелері мінген қызметтік көлік қаладан бірнеше шақырым жерде жолдағы бөгетке соғылған. Олар жолдың біткені туралы белгіні байқамай қалған болса керек. Болжам бойынша, олар заң бұзған көлікті қуған болулары да мүмкін. Апат салдарынан үшеуі бірдей әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі тиісті ем-дом алып ауруханадан шығарылса, 7 жылдан бері полиция сапында қызмет етіп келген 35 жастағы аға сержант Рахымжан Сиқымбаев ауыр хәлде ауруханада жатыр.
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
