Тексеру барысында бұйымдарға сәйкес құжаттардың жоқтығы анықталды.
«Жұмабоев (Өзбекстан азаматы — ҚазТАГ) ішіне қарапайым темір самаурындар мен шәйнектер салынғанын айтып, Қазақстанға екі қорап алып өтуді сұраған», — деп жазыпты ұсталғандар түсіндірме хаттарында. Оның мәтінін – Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша КБД баспасөз қызметі келтіріп отыр.
Ұсталғандардың айтуынша, олар аталған тауарлардың саны мен құндылығы туралы білмеген. Бұйымдардың иесі кедендік бақылау кезінде қашып кеткен. Ол біраздан кейін ұсталды, тауардың бәрін Самарқандтан сатып алғанын айтқан.
Облыстық мәдениет басқармасының жұмыс тобының сарапшылық қорытындысына сәйкес, қолөнер бұйымдарының жалпы сомасы Т606 мың шамасында.
Ақпаратқа сәйкес, қылмыстың құрамы жоқтығына байланысты Жұмабоевқақатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Ол әкімшілік жазаға тартылады.