ОҚО-да соңғы қоңыраудан кейін оқушы асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да соңғы қоңыраудан кейін оқушы асылып қалды

ОҚО-да соңғы қоңыраудан кейін оқушы асылып қалды

Оңтүстік Қазақстанда оқушы қыз жазғы демалысқа шыға салысымен асылып қалды. 10-шы сыныпты бітірген Гүлназ Жандарбек соңғы қоңырауды сыныптастарымен бірге өткізіп, үйіне көңілді оралған. Бірақ, кешкісін ол үйінде жіпке асылған күйі табылыпты.

  • 27 Мамыр 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz


Көз жұмған қыздың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Марқұмның оқуы орташа болған. Тәртібі мінсіз Гүлназ ешкіммен дауыс көтеріп те сөйлеспейтін дейді ұстаздары. Әке-шешесі ажырасып кеткен соң, Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылында қарт әжесімен бірге тұрған екен. Ата-анасының ажырасуын ауыр қабылдап жүріпті. Жақында ғана психология пәнінде жазған шығармасында өмірге деген құлшынысын жазып, дәрігер болғысы келетінін жеткізген. Педагогтар қыздың өзіне қол жұмсауын отбасындағы осы жағдаймен байланыстырады.