ОҚО-да студент қызды өлтірді деген айыпталушыға үкім оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да студент қызды өлтірді деген айыпталушыға үкім оқылды

ОҚО-да студент қызды өлтірді деген айыпталушыға үкім оқылды

Таксиге мініп, өмірімен қош айтысқан Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтірген жігіт 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот процесінде сотталушының анасы ұлын тәртіп сақшылары ұрып мойындатқан деп шу көтерді. Ал жәбірленуші тарап 16 жылды азсынып отыр.

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 522
Фото - Caravan.kz

Айыпталушы бұл процеске тілшілердің қатысуына қарсылық танытты. Осылайша у-шумен басталған қылмысты істе судья шешім шығарып, БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсатын берді. Айыпталушының анасы баласының кінәсіз екенін айтып, ақталумен болды. Айтуынша, сарыағаштық тәртіп сақшылары қылмысты соққы беріп мойындатқан.

Салиха Арғынбекова, сотталушының анасы: «Баламды полицейлер ұрып-соққан. «Жаңағы айтқанынан айнымасын, ұрып алыңдар» деген. Қамаған соң маған 17 күн бойы көрсетпей қойды. Тек 18-күні ғана баламмен жолықтым. Оған дейін аяғындағы жаралары жазылған!»

Марқұм Әйгерімнің ұялы телефоны таксист жігіттен тәркіленген. Істі зерделеу кезінде жәбірленушінің қалтасында болған 8500 теңгенің ұрланғаны да анық болған. Қылмысты кодекстің екі бабы бойынша прокурор айыпталушыға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.

Еске салайық, бұл оқиға мамыр айында орын алған. Ауылынан қалаға аттанған Әйгерім таксиге мініп, қайта оралмады. Оның соңғы аялдамасын ел болып іздеді. Кейін өлі денесі Қазығұрт ауданының маңынан табылған болатын. Арада көп уақыт өтпей күдікті де қолға түсті. Марқұм қыздың анасы соттың берген жазасы аз деп ашынып отыр. Өйткені, перзентімді қатігездікпен мерт қылған дейді.


Сахида Ахметова, марқұмның анасы: «Қалай ғана өлтіріп, көміп тастадың?! Саған 16 жыл аз. Қызымның денесінің барлығын отверткамен тескілеп тастаған!»
Осылайша екі тарап шығарылған шешіммен келіспей отыр. Енді үкім 15 тәуліктен кейін заңды күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар